Белгілі актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы, әнші Айора әлеуметтік желіде ұлдарының видеосын жариялап, олардың мінезі мен талғамы туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында екі ұлының шаштаразға барған сәтін бөліскен. Бейнежазбада балалардың шаштарын жуғызып, күтім жасатып жатқаны көрінеді.
Айора ұлдарының кішкентай кезінен-ақ сыртқы келбетіне мән беретінін, әдемі киінгенді ұнататынын жеткізді. Оның айтуынша, балалар тіпті шаш үлгісін де өздері таңдайды.
“Бұл екі жігітке де внимание бөлу керек. Сұлулықты, әдемі киінгенді жақсы көреді, прическаларының қандай болу керектігін де өздері таңдайды. Оңай жігіттер емес енді. Ойбой-оооййй”, – деп жазды әнші.
Айора жазбасында ұлдары Алтайыр мен Әл-Фарабидің әлеуметтік желідегі парақшаларын да белгілеген.
Айта кетейік, Олжас Абай көзіне жас алды.

Олжас Абай кім?
Олжас Абай – қазақстандық актер, әнші әрі тележүргізуші. Ол отандық кино және телевизия саласындағы шығармашылығымен көпшілікке танылған. Өнер иесі түрлі ойын-сауық жобаларына қатысып, актерлік қырымен қатар әншілік қабілетін де көрсетіп келеді.

Олжас Абайдың жеке өмірі де көпшіліктің назарынан тыс қалған емес. Оның бұрынғы жұбайы – әнші Айора. Екеуінің Алтайыр және Әл-Фараби есімді екі ұлы бар. Айора әлеуметтік желідегі парақшасында балаларының күнделікті өмірінен түрлі сәттерді жариялап тұрады. Ол ұлдарының мінезі, қызығушылығы мен талғамы туралы да оқырмандарына айтып отырады. Ал Олжас Абай өнер саласындағы қызметін жалғастырып келеді.