«Мен сендердікімін, халқым»: Олжас Абай мәлімдеме жасады

«Мен сендердікімін, халқым»: Олжас Абай мәлімдеме жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Олжас Абай Алматыға келіп, кино саласындағы жұмысына кірісетінін айтты. Ол Instagram парақшасында алдағы жоспарын бөлісіп, подкасттарға қатысуға да дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесінің сөзінше, Динараның шоуына қатысқаннан кейін ашық әңгімеге деген ықыласы артқан.

«Кешегі Динара ханымның шоуынан кейін кез келген подкаст әңгімеге дайынмын деп шештім, шақырыңдар», – деп жазды актер.

Сондай-ақ Олжас Абай тойына дейін көп жерде өнер көрсетуге құлықты болмағанын айтты. Алайда көпшіліктің қолдауы мен ақ тілегі оған әсер еткен.

«Енді халықтың батасы мен тілегі бетімді ашып жіберді. Мен сендердікімін, халқым», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Дархан Мұсаев фильмінің көрсетілімі туралы тың дерек айтты.

Олжас Абай кім?

Олжас Абай — қазақстандық театр және кино актері, әнші. Ол Ескелді ауданындағы Нұрмолда Алдабергенов ауылында дүниеге келген. Өнер иесі сұхбаттарының бірінде туған жері мен шығармашылық жолы туралы айтып, актерлікті басқа мамандыққа айырбастай алмайтынын жеткізген.

Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын 2011 жылы драма және кино актері мамандығы бойынша бітірген. Киноға бет бұрмас бұрын театр сахнасында алты жыл өнер көрсетіп, кәсіби тәжірибе жинаған.

Телевизия көрерменіне «Қара шаңырақ» телехикаясы арқылы танылды. Кейін «Бәсеке», «Әулет» жобаларына қатысып, түрлі кейіпкерлерді сомдады. Оның фильмографиясында «Брат или брак», «Сиситай», «Класстастар» секілді туындылар бар.

Олжас Абай музыкалық шығармашылығымен де айналысады. Тыңдарман арасында «Очоу» деген лақап атымен белгілі. Әнші сұхбатында «Самса» әнін бастапқыда достарының арасында әзіл ретінде орындау үшін шығарғанын айтқан.

Кейінгі кино жұмыстарының қатарында «Таптым-ау сені» фильмі де бар. Бұл туындыда ол Дариға Бадықовамен бірге басты кейіпкерлердің бірін сомдады. 

Фильм ауылда тұратын, қымыз сатумен айналысатын бала күнгі екі дос — Сәуле мен Жексеннің оқиғасын баяндайды.