Ламин Ямаль Испания құрамасымен бірге алғаш рет футболдан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ult.kz.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, басты жүлдені иеленді.
Ойын аяқталғаннан кейін көпшіліктің назарын аударған ерекше сәт орын алды. Финалдық ысқырық естілген соң 19 жастағы Ямаль Аргентина капитаны Лионель Мессиге барып, оны құшақтап, қолдау сөздерін айтты. Бұл әсерлі көрініс тікелей эфирден көрсетіліп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
Бұл кездесудің символдық мәні де ерекше. Осыдан 18 жыл бұрын, ЮНИСЕФ-тің қайырымдылық күнтізбесіне арналған фотосессия кезінде жас Лионель Месси небәрі бір жасар Ламин Ямальды қолына көтеріп суретке түскен болатын. Жылдар өте сол сәби әлем футболының жаңа жұлдызына айналып, тағдырдың жазуымен әлем чемпионатының финалында Мессиге қарсы алаңға шықты.
Футбол жанкүйерлері бұл сәтті «ұрпақтар сабақтастығының символы» деп бағалап, екі буынның бір кадрда тоғысқан ерекше тарихы екенін атап өтті.