Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті

Қызылордада көшеде мылтық алып жүрген тұрғын қолға түсті


Қызылорда қаласында полицейлер көшеде мылтық алып жүрген тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған азаматты тәртіп сақшылары «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұстады. Полицейлер Тасбөгет кентінде қала тұрғынын тексерген болатын. Сол уақытта жергілікті тұрғынның ақ түсті полиэтилен пакетінен 2 ұңғылы нөмірі жоқ шолақ мылтық алып жүргені анықталды. 

«Қазіргі таңда аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүмыстары жүргізілуде. Онда атыс қаруын, тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.