Күш қолданып, 200 мың теңге талап еткен: Ақтауда күдікті ұсталды

Күш қолданып, 200 мың теңге талап еткен: Ақтауда күдікті ұсталды
Polisia.kz

Ақтауда тұрғыннан бірнеше ай бойы ақша талап етіп келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерімен бірлесіп, бопсалау күдігімен ер адамды қолға түсірген.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бірнеше ай бойы жәбірленушіге күш қолданып, одан 200 мың теңге талап еткен.

Жедел іс-шара барысында күдікті Ақтаудағы бизнес-орталықтардың бірінің маңында ұсталды. Оның автокөлігін тексеру кезінде жәбірленуші бұған дейін берген 100 мың теңге табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.