Әлеуметтік желіде танымал блогер Әділет Айтжанов отбасындағы ауыр қайғыны бөлісті. Оның анасы дүниеден озды, деп хабарлайды ult.kz.
Қаралы хабарды блогер Instagram парақшасында жариялап, анасына арнап жүрек тебірентерлік жазба қалдырды. Ол ең жақын адамынан айырылудың қаншалықты ауыр екенін жеткізіп, анасымен қоштасты.
"Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды", – деп жазды Әділет Айтжанов.
Блогердің жазбасы желі қолданушыларының көңілін босатты. Оқырмандары оған қайғыра көңіл айтып, осындай ауыр сәтте сабыр мен төзім тіледі.
Әзірге блогер анасының неден қайтыс болғанын жариялаған жоқ.