Көз жұмған сарбаздар туралы пікір білдірген блогерді ел сынап тастады

Көз жұмған сарбаздар туралы пікір білдірген блогерді ел сынап тастады
Фото: видеодан кадр

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге қатысты блогердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.

Блогер өз видеосында оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайға байланысты пікірін білдірген. Алайда оның кей сөздері желі қолданушыларының наразылығын туғызып, жазба астында сын пікірлер көбейген.

«Мен естіген кезде, Аллаға шүкір, қандай керемет өлім дедім. Мұндай өлімді сахабалар аңсаған. Отанды қорғап жүріп суға батып өлген потолок», - дейді ол. 

Көпшілік қаралы кезеңде қаза тапқан әскери қызметшілер мен олардың жақындары туралы сөз қозғағанда әр сөзге абай болып, марқұмдардың отбасыларына құрметпен қарау қажет екенін жазған.

Еске салайық, «Хазар қорғаны-2026» әскери оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінде 17 әскери қызметшіні су алып кеткен. Үш әскери қызметші құтқарылып, 14 сарбаз қаза тапты. Соңғы екі әскери қызметшінің денесі 25 қыркүйекте табылып, іздеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қайғырып көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Жеделхатты табыстау кезінде Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қара жамылған отбасыларға көңіл айтты.