Freedom Inside '26

Коронавирус қолдан жасалды: Індет туралы құпия құжаттар пайда болды

Коронавирус қолдан жасалды: Індет туралы құпия құжаттар пайда болды
Фото: ТАСС

Әлеуметтік желіде Олжас Құдайбергенов коронавирусқа қатысты тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Ол 2020 жылы фармацевтикалық компаниялармен байланысы бар көптеген медицина ғалымдары коронавирустың зертханадан шыққаны туралы болжамды жоққа шығарғанын, шамамен 2 мыңға жуық ғалым вирустың табиғи жолмен пайда болғанын қолдайтын ашық хаттарға қол қойғанын жазды. 

«Енді АҚШ барлау қызметі вирустың зертханалық шығу тегін дәлелдейтін құжаттарды жариялады. Мұны оқиға барысындағы өте үлкен бетбұрыс деуге болады. Сонымен қатар бұл фармацевтикалық алпауыттардың мүддесін қолдап, Фаучиді жақтаған әлемдегі беделді ғалымдардың қаншалықты ықпалға түскенін көрсетеді деген пікір айтылып жатыр. Жақын арада Фаучиге қылмыстық іс бойынша ресми айып тағылуы мүмкін сияқты", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Ұлттық барлау директорының жазбасын да ұсынды. Жазбада:

“Ұлттық барлау директоры қызметіндегі соңғы жұмыс күнім болды. Осыған дейін еш жерде жарияланбаған құжаттардың құпиясын ашып, көпшілікке ұсындым. Бұл құжаттар Фаучидің америкалық салық төлеушілердің миллиондаған долларын Ухань зертханасындағы қауіпті gain-of-function (вирустың қасиеттерін күшейту) зерттеулерін қаржыландыруға бағыттағанын, өз әрекеттері туралы шындықты жасыру және вирустың зертханалық шығу тегі туралы ақпараттың таралуына жол бермеу үшін барлау қауымдастығымен жұмыс істегенін, сондай-ақ 2024 жылы Конгресс алдында ант бере отырып жалған мәлімдеме жасағанын көрсетеді”, - деп жазылған. 

Желі қолданушылары бұл мәлімдемеге түрлі пікір білдірді. Бірі пандемия кезінде вирустың жасанды шығу тегі туралы айтқан мамандардың кезінде қатты сынға ұшырағанын еске салса, енді бірі COVID-19 вирусының зертханадан таралуына салғырттық себеп болды ма, әлде бұл әдейі жасалған тәжірибенің салдары ма деген сұрақ қойды. Сондай-ақ кейбір пікір жазушылар Қазақстанда пандемиядан көз жұмған азаматтардың жақындары үшін енді қандай құқықтық қадамдар жасалуы мүмкін екенін сұрады.

Айта кетейік, Америкалық дәрігер-иммунолог Энтони Фаучи COVID-19 пандемиясы кезінде АҚШ үкіметінің негізгі медициналық кеңесшілерінің бірі болды. Ол ұзақ жылдар бойы АҚШ-тың Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтын басқарды.

Соңғы уақытта Фаучиге қатысты дау қайта өршіді. Кейбір америкалық саясаткерлер оны Уханьдағы зерттеулерді қаржыландыруға қатысы болды, вирустың шығу тегі туралы ақпаратты жасыруға ықпал етті және Конгреске жалған мәлімет берді деп айыптап отыр.

Алайда бұл айыптаулар әзірге сотта толық дәлелденген жоқ. Фаучидің өзі өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып келеді.