Freedom Inside '26

Көлік бұзылып, айдалада қалған 49 адам жантүршігерлік жағдайда опат болды

Көлік бұзылып, айдалада қалған 49 адам жантүршігерлік жағдайда опат болды
Фото: freepik

Жүк көлігінің бұзылуы салдарынан шөл далада қалған 49 адам қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.

Қайғылы оқиға Африканың солтүстік-шығысындағы шөлді аймақта болған. Жолаушылар мінген жүк көлігі жолда істен шығып, адамдар бірнеше күн бойы аптап ыстық пен сусыздықтың құрсауында қалған. Соның салдарынан кемінде 49 адам көз жұмды.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, көлікте мигранттар болған. Олар шекарадан өтіп, өзге елге жетуге әрекеттенген. Көлік бұзылғаннан кейін жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетілмеген. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде ондаған адамның қаза тапқаны анықталған.  

Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бірнеше адам аман қалғанымен, олардың көбі қатты сусызданып, медициналық көмекке мұқтаж болған.  

Бұл қайғылы жағдай шөл арқылы заңсыз көші-қон бағыттарының қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте көрсетті.