Фото: elements.envato.com
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы жаңа хабарды бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Вице-министр Ілияс Оспановтың айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта форматталады. Енді бұл автобус сатып алу үшін өңірлерге несие беру бағдарламасы болмақ.
"Жеңілдетілген автонесиеге бөлінген 100 миллиард теңгенің барлығы игерілді. Жыл басынан бері алдымызда осы қаржыны одан әрі дамыту, игеру міндеті тұр. Бірінші кезектегі қажеттіліктерді зерделеу міндеті тұрды. Өңірлерді аралағанда, көбінесе автобустармен жабдықтау мәселесі көтерілді. Бүгінде қалалардағы автобустардың 46 пайызы ескірген. Жергілікті атқарушы органдармен кездесулер өткізіп, қажеттіліктерді жинадық. Бүгін 2000 автобусқа тапсырыс бердік. Олардың тең жартысы Алматы қаласының әкімдігінен келген, мұнда тапшылық (автобустар - еск.) жоғары", - деді Оспанов.