ЖОО-дағы қазақ тілінің мүшкіл хәлі немесе

ЖОО-дағы қазақ тілінің мүшкіл хәлі немесе

Ұлт порталының поштасына төмендегідей хат келіп түсті. Автор жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілі мәселесі төңірегінде ашына ой қозғайды. Және бірқатар талаптар қояды. Бірнеше оқу орындарында болып жатқан келеңісіз жайттарды ашып айтады. Мақалада кейбір тұлғалардың аты аталғандықтан, автор көзқарасы редакция ұстанымын көрсетпейтінін ескертеміз. Қарсы тараптың айтар уәжі болса, оны да жариялауға дайын екенімізді жеткіземіз.

редакциядан

Тәуелсіздіктің оншақты жылы өтсе де, біз ескіше кремльдік арбауында және ана тілі мен туған тамырын сақтап қалған өзіміздің халықымызға біржықты паңдық көзқарасты зорлап міндеттегеніне бағынышты болып отырмыз.  

Қазақ тілдің «дұшпадарының» арасында қазақ ұлттың өкілдері де кездеседі. Олар «бөліп биле» атты кремльдік саясатын мықты ұғып алып, басқыншылардың мінез-құлықтарына електейді. Олардың адасып кеткені соншама, жат елдік жаулап алушылардың алдында құрдай жорғалау үшін жауапкершілік шараларды түсінбейді. Кремль ешқашан да қазақ халықтың дамуына мүдделі болған емес, әсіресе қазіргі уақытта ол айқын түрде империялық жоспарларын дәлелдеді. Оларға өткен ғасырда біздің құнарлы жерлер керек болған. Оған қазақ елі мен қазақ тілі кедергі болғандықтан, онымен ойдағыдай тартысты.

Ана тіліміздің жағдайы қайғылы, әсіресе жоғары білім алу мен ғылым саласында көзбояушылық арқылы шын мәнінде болып жатқан ақиқатты жасырып отырғандар аз емес. Егер осы жағдай жалғаса берсе, бес жылдың ішінде тіліміз тек үйде пайдалануға жарамды болып, он жылдың ішінде жойылып жатқан тілдердің қатарына қосылады. Осындай халге жеткізген жауапсыз басқарушылар КАУ, Нархоз, Каспий университеті, ҚазҰТЗУ, Алма Университеті, КБТУ, КИМЭП сияқты көптеген жоғары оқу орындарды жайлап алды. Алматыдағы жоғары оқу орындардың көбі мамандарды орыс тілде дайындайды.

Дәл қазір көптеген қыздар мен жігіттер жоғары оқуға немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін университетті таңдауда. Егер олар Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеттің магистратура мен докторантурасына түсеміз десе, мемлекеттік тілде оқуға мүмкіндіктері жоқ. КБТУ ҚазҰТЗУ-ға қосылғанға дейін қазақ тілде магистранттар мен докторанттарды түрлі мамандыққа оқытқан, ал екі жылдан бері оқудың бәрі тек орыс тілде жалғасуда. Сонымен қатар, ҚазҰТЗУ Қазақстандағы ең бірінші мемлекеттік университеті болса да, әлі күнге дейін іс қағаздары орыс тілде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы N 151 Заңы, 3 тарауда, 16-бабында: «Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi», ал 17-бабында: «Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi» деп жазылған.  

ҚазҰТЗУ-дың бастықтары: Бейсембетов И., Искаков Р., Орынханов және Сәбитова Д. Қоғаммен байланыс департаментты жабуға байланысты деп сылтауратып,  заңды елемей, мемлекеттік тілде бұрыннан еңбек еткен он бес қызметкерді  бір күннің ішінде қысқартып жіберді. Олардың ішінде балалары мүгедек аналар бар, көп жылдар бойы еңбегі сіңірген тәжірибелі мамандар бар, баспанасыз өмір сүріп жатқан бауырларымыз да бар. Оған ешкім көңіл бөліп жатқан жоқ. Дегенмен, олардың орнына КБТУ-дан қазақ тілде жұмыс істей алмайтын қызметкерлерге ауыстыруда.  Келесі қысқарту кітапханадағы еңбек еткен азаматтарға тиеді. Жалпы КБТУ-дан 120 адам ҚазҰТЗУ-дың қызметкерлердың орындарын алуға жұмылдырылған. Мынадай әбігерлік қызметкерлердің, оқытушылардың, және де студенттердің мазасын әбден кетіріп, жағдайды нашарлатты.

Шын мәнінде университетті басқарып отырған Сәбитова Ділда деген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басшысы, өйткені соның жоспарлары жүзеге асыруда. Өзі ұнатпаған адамдарды жұмыстан шығарып, ұнағандарын алып, 2016 жылдан бері жүздеген қызметкерлерді, оқутышыларды және магистранттар мен докторанттарды университеттен шығарып жіберді. Егер адамның тілі келмей, оған таза орыс тілде сөйле алмаса, ол бүкіл билігін пайдаланып, күшін көрсетді, шетелдік тағылымдамаға жібермейді және шығарып тастауға шейін баруға дайын. Есімі қазақ болса да, қазақтарды және қазақ тілді жақтырмайды, істерінің бәрі де қазақ намысына қайшы, бейэтикалық және адамгершілікке жат қылықтарды жасайды. Алайда, осының бәрін көріп отырған ректор мен проректорлар үн шығармай отыр.

Әр жоғары оқу орында Тілдер туралы Заңды білмеу және қолданбау мәселесі Қазақстандағы байырғы халыққа адам айтқысыз түрде көрсеткен кемсітушілікті дәлелдейтін қылмысты селқостық туралы ой туғызады. Әрбір адам мемлекеттік қазақ тілді күнделікті жұмыс орында, әсіресе білім беру мекемеде еркін пайдалануға тиіс.  Егер қазақтарға кеңес заманнан қалып қалған әділетсіз қатынас, ескіше, қоғамызда ілгерілікті тоқтатып жатса, өзіміздің жоғары білікті мамандар жайында сөз қозғаудың не пайдасы бар?

Мемлекет және жеке бизнес орасан зор сомаларды шетелдік қызметкерлерге төлейді, соның ішінде Ресей мен Украинадан келген және тағы басқа азаматтар бар. Байырғы халықтың арқасында табылған миллиарттаған долларлар қайтарусыз кетеді дей тұрғанмен Қазақстанда қалып халықтың байлығын қарқынды арттырар еді. Қазақ халыққа ана тілінде оқып жоғары білімді мамандар ретінде еңбек етуге мүмкіндік беру керек. Еңбек нарықта теңсіздікті байқауға болады: ауыр физикалық жұмыспен байырғы халық айналысады, ал «ақ жағалар» көбінесе мектептен бері орыс тілде оқыған тұлғалар. Бұны дереу тоқтату керек, себебі бұл нағыз экономикалық теңсіздік белгісі. Елдің дәулеттілігі ана тілінің кең ауқымда дендеп енуден басталады. Елдің экономикалық өркендеуі тікелей пайдаланған тілге байланысты: қазақ тілде істерді не ғұрлым көп жүргізссек, соғұрлым көбірек дамыған ел боламыз. Сондықтан, жалғыз мемлекеттік тілі шын мәнінде мемлекеттік тілі болып, білім беру, ғылым дамуы және қоғамдық тұрмыс жақтардан терең еңгізуден басталу тиіс.    

Әр ұлт өз жерінде өз тілінде сөйлейді: орыстар – орысша, ағылшындар – ағылшынша, жапондықтар, халықаралық компаниялардың өкілдерін есептемесе, тіпті ағылшын тілді да оқымайды, тек өз тілінің көмегімен дамыды. Біздің ұлттық сәйкестігіміз ана тілімізден тұрады. Тілге дұрыс көңіл бөлмесек өзге ұлттардың алдында мазақ болып қала береміз, тілімізді, намысымызды жоғалтып, ұлт деген мәртебеден айырылып қаламыз. Ал енді байлық жайында сөз қозғасақ, ол – алтын мен мұнай емес, ол – біздің жас ұрпағымыз. Сондықтан, қазақ тілде жастарды оқытпай, ғылымның дамуына қатыстырмай, жұмыстан шығарып тастап, жылатып, қанаудың кемістететін қылықтарды мақұлдап отырсақ, олар кім болып өседі?    

Төмендегі талаптарды орындауын асыға күтеміз:

1.    Мемлекеттік қазақ тілге әділетсіз көзқарасты оқу орындардың барлық деңгейлерде толықтай тыю.  
2.    Қазақстанда мемлекеттік тілде білім беру толық болу қажет, соның ішінде білім алудың барлық деңгейлері болу керек: орта білім, орта кәсіптік білім, жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.  
3.    Оқу орында іс қағаздарды жүргізу мемлекеттік тілде болу керек.
4.    Оқу орындардың барлық қызметкерлеры, әсіресе басшылық, кәсіби қазақ тілді еркін игеру керек.  
5.    Оқу орында қарым қатынас тілі мемлекеттік қазақ тілі болу қажет.
6.    Оқу орынға қабылдағанда ағылшын тілді, міндетті емтихан ретінде, алып тастау керек. Әрбір адам шетелдік тілі қажеттілігін өзі таңдау керек.
7.    Орыс, ағылшын немесе өзге шетелдік тілді білмегендігі, білім туралы күәлік пен дипломдарды алу үшін ешқандай жағдайда кедергі болмау тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қазақ тілді білу міндетті.
8.    Оқу орындарда қазіргі менталитетті қазақ мәдениеттің салауаттылығы мен адамгершілік құндылықтарына негізделген идеологияға өзгерту керек.  
9.    Қазақ тілге, салт-санасына және ғылымға кедергі келтіріп отырғандарға шара қолдану.
10.    Мемлекеттік тілде білім беруге кедергі келтіріп отырғандарға оқу орынды не оның бөлімін басқаруға тыйым салу.  
11.    Егер мемлекеттік гранттар орыс, ағылшын не өзге жат елдің тілінде оқытуды қаржыландырса, оған мүлде тыйым салу.
12.    Барлық оқу құралдарды қазақ тілге аудару.
13.    Егер оқу орында оқытушылар қазақ тілде оқытпаса, оларды мемлекеттік тілді кәсіби шеберлік түрде меңгерген профессорлар мен оқытушыларға ауыстыру керек.  
14.    Барлық зертханалық, IT, тәжірибелік және өндірістік жұмыстар қазақ тілде жүргізілу керек.
15.    Қазақ тілде білім беруден бас тартудың ешбір себебі заңды болып табылмайды. Енжарлық, тәкаппарлық және ана тілде білім мен ғылымды дамуға жәрдемдесуді тілемеу – ол қазақ халыққа қарсы геноцид пен қылмыс.
16.    Қазақ азаматтар өз жерінде жұмысыз және баспанасыз жүрмеу керек.  Әр мемлекеттік және жекеменшік ұйымы осыны жете ұғу керек.

ҚазҰТЗУ-да оқып жатқан көптеген жастардың қиыншылықтарына куә болып, көз жастарын көріп, әдлетсіздікке тап болғандарын көріп, аяушылық танытып, осы хатты жазуға шештім. Жоғары оқу орындардағы былықтарды ашып айтпасақ, ертенгі күні тым кеш болады.

Маһмуд Нәзгүл Мырзатайқызы
Ғылым докторы, профессор