Қазақалтын компаниясына қарасты Бестөбе кенішінде қайғылы жағдай болды. Шахтада заңсыз түрде кен қазбақ болған екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ult.kz.
Оқиға 19 мамыр күні Бестөбе кенішi аумағындағы «Орталық» шахтада тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, 38 және 21 жастағы екі ер адам заңсыз кен өндіру мақсатымен шахтаға түскен. Сол кезде тау-кен массасы опырылып, екеуін топырақ басып қалған.
Марқұмдардың денелері шахтадан шығарылды. Олар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды.
Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Степногорск қаласының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалған.
Тергеу нәтижесінде қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталмақ.