Ұлт порталы – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әдеби һәм өзге де өзекті тақырыптағы ақпараттық-сараптамалық мақалалар мен сұхбаттарды (видео-контентпен қоса) өз уақытында ұсынып, елде және жаһанда боп жатқан маңызды оқиғалар жайлы тұрақты хабар тарататын тәуелсіз интернет-басылымы.
Ult.kz сайты ақпарат кеңістігінде 2012 жылдан бері дамылсыз жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні заманауи порталымыз қазақ сайттарының арасындағы алдыңғы қатарлы ресурстардың біріне айналды. Оған оқырмандарымыздың күн санап артып келе жатқаны және әлеуметтік желідегі жазылушыларымыздың тұрақты түрде көбеюі дәлел бола алады.
Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Украина, Моңғолия, Қытай, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея елдерінде де оқырмандарымыз бар.
Сайт бетінде шет елдердегі қандас бауырларымызға, оның ішінде Моңғолия, Қытай, Түркия, Иран, Өзбекстан, Ресей және еуропа қазақтарына ыңғайлы төте жазу мен латын тілі қосымшалары жұмыс істейді.