Ерлі-зайыпты қарыздан құтылу үшін айлық ұлын сатпақ болған

Ерлі-зайыпты қарыздан құтылу үшін айлық ұлын сатпақ болған
Фото: әлеуметтік желі

Өзбекстанда жас ерлі-зайыпты бірнеше айлық ұлын қарыздарын өтеу үшін сатпақ болған, деп хабарлайды ult.kz.

Сот оларды адам саудасы бабымен кінәлі деп танып, әрқайсысын бес жылға бас бостандығынан айырды.

Қылмыс жасалған кезде әйел 19 жаста, ер адам шамамен 20 жаста болған. Ал олардың баласы небәрі бірнеше айлық еді.

Жоғарғы соттың мәліметінше, отбасы жұмыссыз қалып, баспанасыз қалғаннан кейін әйел күйеуіне баласын сатып, несиелерін өтеуді және Түркияға кетуді ұсынған.

Сот ерлі-зайыптының екеуін де адам саудасына қатысты бап бойынша кінәлі деп таныды. Баланың бұдан кейінгі тағдырын әлеуметтік қорғау органдары шешеді.