Ерболат Әлқожа туралы жағымсыз хабар тарады

Ерболат Әлқожа туралы жағымсыз хабар тарады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Ерболат Әлқожа түсірілім кезінде жарақат алып, бір құлағы естімей қалғанын айтты. Қазір өнер иесі Қырғызстанда дәрігерлердің көмегіне жүгініп, ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Актер денсаулығына қатысты жайсыз хабарды оқырмандарына өзі жеткізген. Оның айтуынша, түсірілім барысында алған жарақаты оң құлағына зақым келтірген.

«Түсірілім кезінде жарақат алдым. Мына оң жақ құлағым мүлдем естімей қалды. Қырғызстанның мен-мен деген мықты дәрігерлері емдеп жатыр. Қырғыз бауырларымызға үлкен алғыс», – деді Ерболат Әлқожа.

Өнер иесі өзіне ем жүргізіп жатқан қырғызстандық мамандарға ризашылығын білдірді. Алайда жарақатты қандай жағдайда алғанын және емнің қанша уақытқа созылатынын нақтыламады.

Актердің жағдайын естіген оқырмандары оған қолдау білдіріп, ем-домына қаржылай көмектесуге ниет танытқан. Ерболат Әлқожа жанашырлық танытқан жандарға алғыс айтып, ақша аударудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

Айта кетейік, Бекжан Тұрыстың ұлы шаңырақ көтеріп, дүркіретіп той өткізді. 

Ерболат Әлқожа кім?

Ерболат Әлқожа  – қазақстандық кино және телесериал актері. Ол көрерменге «Сәке», «Ауылдастар», «Ата-ана, бала-шаға», «Каникулы offline» жобаларындағы рөлдері арқылы таныс. Өнер иесі сұхбаттарында актерлік жолы мен түсірілімдегі тәжірибесі туралы бөліскен.

Актердің елеулі жұмыстарының бірі — «Бақыт» фильміндегі басты рөлдердің бірі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын қозғайтын туындыда ол жағымсыз кейіпкерді сомдаған.

Ерболаттың айтуынша, кей көрермен оны осы образымен есте сақтап қалған. Алайда көрермендер арасында кейіпкерінің әрекетінен бөлек, актерлік шеберлігін бағалап, алғыс айтқандар да болған.