Мөлдір Мұқан өзіне 11 миллион теңгеге алқа сатып алғанын айтып, ай сайынғы несие төлемінің көлемін де жария етті, деп хабарлайды ult.kz.
Оның сөзінше, қымбат әшекейді жақында өзіне сыйлық ретінде алған. Мөлдір Мұқан алқасын тағып тұрғанын айтып, бағасын жасырмады.
«Өз-өзіме сыйлық жасап, 11 млн теңгеге алқа алдым. Жақында ғана алғанмын. Енді тағып тұрмын», – деді ол.
Сонымен қатар Мөлдір Мұқан несиесі бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, ай сайын несие төлемдеріне 8 миллион теңге жұмсайды.
«Несием бар. Ай сайын 8 млн теңге несие жабамын. Уайымдамаңыздар. Әр қазақтың басында бір несие бар», – деді Мөлдір Мұқан.
Айта кетейік, Мөлдір Мұқанның Тұрсынбек Қабатовқа арнаған бұрынғы жазбасы тарады.
Мөлдір Мұқан кім?
Мөлдір Мұқан (Мұқанова) — қазақстандық продюсер, әнші, актриса және кәсіпкер. Көпшілікке әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де таныс. Екеуінің ортақ бес баласы бар. 2025 жылы ол Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын жариялаған.

Негізгі мамандығы — экономист. Өзінің айтуынша, жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдап, 21 жасынан мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Төртінші баласы дүниеге келгеннен кейін қызметтен кетіп, балаларға арналған «ММ» өнер мектебін ашқан. Осылайша, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған кәсіпке бет бұрған.

Мөлдір өнерге бала кезінен жақын болған. Бауырларымен бірге «Мұқановтар» отбасылық ансамблінде өнер көрсеткен. Баян, домбыра және фортепианода ойнайды. Кейін продюсерлік бағытта жұмыс істеп, әнші әрі домбырашы Ақтоты Болышевамен шығармашылық байланыс орнатқан.
Ол концерттік бағдарламалар мен шығармашылық жобаларды ұйымдастыруға да атсалысқан. 2025 жылы «Шәй в большом городе» фильмінің продюсері болған. Әнші ретінде «Өтірік», «Өмір сүр қалма елден» туындыларын жарыққа шығарған. Әлеуметтік желіде бала тәрбиесі, отбасы, шығармашылығы және жеке өміріндегі өзгерістер туралы жазбалар жариялап тұрады.