Freedom Inside '26

Ербаянның өлімі туралы ел естімеген дерек айтылды

Ербаянның өлімі туралы ел естімеген дерек айтылды
Коллаж: ult.kz

Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметкері Ербаян Мұхтардың отбасы оның қайтыс болғанынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

23 жастағы Ербаян Мұхтар ұзақ уақыт ем қабылдағаннан кейін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында көз жұмды. Туыстары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін ауруханаға келуге шақырған. Ағасы Ербаянның ауруханада қараусыз қалғанын, оған дәлелдері де барын айтып өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ербаян Мұхтарда негізгі ауыр сырқатының аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік дамыған.

«2026 жылғы 23 маусым күні сағат 21:40-та пациенттің биологиялық өлімі тіркелді. Өлімнің тікелей себебі – ауыр бас-ми жарақатының салдарынан және оған қосылған асқынулардың әсерінен дамыған көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы», – делінген хабарламада.

Пациент ең заманауи медициналық құралдармен жабдықталған палатада жатқан. Оған заманауи дәрілік терапия жүргізіліп, арнайы күтім жағдайлары жасалған.

Медициналық қызметкерлер емдеу мен күтімнің толық көлемін қамтамасыз етіп, науқастың туыстарының палатаға кіруіне мүмкіндік берген.