Ер адам әкесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеді деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Ер адам әкесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеді деген күдікке ілінді (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Мәскеудің солтүстік-шығысында болған аса ауыр қылмыс құқық қорғау органдарының тергеуіне алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өз әкесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеп, дене бөліктерін бірнеше сөмкеге салып алып кеткен деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу мәліметінше, 18 шілде күні ер адамның жұбайы күйеуінің жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, күйеуі Палеха көшесінде тұратын ұлдарының үйіне қонаққа кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Сол уақыттан бері ұлдарының да қайда екені белгісіз болған.

Бейнебақылау камераларын тексеру барысында марқұмның ұлының пәтеріне кіргені, алайда одан қайта шықпағаны анықталған. Ал күдікті бірнеше үлкен сөмкені көтеріп шығып, көлігімен Владимир облысына қарай бет алғаны бейнежазбалардан көрінеді.

Тергеушілердің алдын ала болжамынша, күдікті әкесінің мәйітін бөлшектеп, кейін орман алқабында өртеп жіберген. Қазіргі уақытта ол Мәскеуге жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.