Ер адам 3 пен 11 жас арасындағы 7 баласын қасақана өлтірген

Ер адам 3 пен 11 жас арасындағы 7 баласын қасақана өлтірген
Фото: freepik

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында 19 сәуірде қайғылы оқиға болды. Полицияның мәліметінше, 31 жастағы Шамар Элкинс сегіз баланы атып өлтірген. Қаза болғандардың жетеуі оның өз балалары, ал сегізіншісі – туысының баласы болған. Балалардың жасы 3 пен 11 аралығында, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция оқиғаны тұрмыстық жанжалдан туындағанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті алдымен әйелдердің біріне оқ атқан, кейін жақын маңдағы үйге барып, балаларды атқан. Екі әйел де жараланып, ауруханаға жеткізілген. Оқиғадан кейін күдікті көлік ұрлап, қашқан. Полиция оны қуып жетіп, атыс кезінде күдікті қаза тапқан. 

Шривпорт полициясы бұл қылмыстың отбасылық жанжалдан өрбігенін мәлімдеді. Қазір оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеліп жатыр.