Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA марапатын алғаннан кейін жанкүйерлеріне алғыс айтып, жылды ерекше жетістікпен аяқтағанына қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
WTA ұйымының Instagram парақшасында спортшының марапат алғаннан кейінгі бейнежазбасы жарияланды.
«Баршаңызға сәлем! Жыл бойы көрсеткен қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет айтқым келеді. Бұл керемет жыл болды. Жыл соңындағы мұндай жарқын нәтиже – үлкен қуаныш. Бұл тек бастамасы деп үміттенемін. Тағы да рақмет! Келесі жылы кездескенше!» – деді Елена Рыбакина.
Айта кетейік, теннисші әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесімен маусымды аяқтағаны үшін WTA марапатына ие болды.