Америкалық Nvidia компаниясының директорлар кеңесі Дженсен Хуангты президент және бас атқарушы директор қызметіне қайта тағайындады. Ол сондай-ақ компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болып қала береді, деп хабарлайды ult.kz.
Компанияның мәліметінше, директорлар кеңесі Хуангпен бірнеше кездесу мен талқылаудан кейін оны қызметіне қайтару туралы шешімді бірауыздан қабылдаған. Кеңес оның ашықтығына және Nvidia-ны басқару қабілетіне қанағаттанған. Бұған қоса, АҚШ үкіметінің жоғары лауазымды өкілдерінен алынған ақпарат та шешімге әсер еткен.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл шешімді «өте дұрыс» деп бағалап, елге Хуангтың Nvidia басшысы ретінде қажет екенін мәлімдеді. Сондай-ақ оның компанияны басқаруы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірмейтінін айтты.
Жаңалық жарияланғаннан кейін Nvidia акцияларының бағасы 31%-ға өскен.