Әлемдік жұлдыз Энрике Иглесиас өзінің Facebook және X ресми аккаунттарында қазақстандық суретші және блогер Әсел Сабыржанқызының жазбасын бөлісіп, «See you soon Kazakhstan» («Жақын арада кездескенше, Қазақстан») деп жазды, деп хабарлайды ult.kz.
Оның Facebook парақшасына 49 миллион адам, ал X-тегі аккаунтына 10,9 миллион адам жазылған.
Әнші қарапайым кенептің орнына өз жұмыстарында кілем қолданатын суретші Әсел Сабыржанқызының бейнеролигіне репост жасады. Бейнероликте Энрике Иглесиастың Ring My Bells әні музыкалық сүйемелдеу ретінде пайдаланылған.
Ролик сюжеті бойынша қыз оның шығармашылыққа деген құштарлығын қолдамайтын күйеуімен болған жанжалдан кейін ғимараттың төбесіне көтеріліп, аэрозольді бояулар мен кілемді кенеп ретінде қолданып, Энрике Иглесиастың үлкен портретін салады. Роликке комментарий ретінде суретші оқырмандарынан бұл туындыны Энрике Иглесиас көруі үшін әншінің аккаунтын белгілеп кетуін сұраған.

Суретшінің тілегі екі күннен аз уақытта орындалып, Энрике Иглесиас бұл жазбаны байқап, бейнені өзінің Facebook және X ресми парақшаларында бөлісті.
Бұл репост пайдаланушылардың назарын тез аударып, Қазақстандағы Энрике Иглесиастың алдағы концерттеріне қызығушылықты арттырды.
Энрике Иглесиас – әлемдік поп тарихындағы ең табысты орындаушылардың бірі. Billboard нұсқасы бойынша ол ең танымал латынамерикалық әнші. Шығармашылық мансабында әнші 180 миллионнан астам дана музыкалық релиздерінің көшірмесін сатқан.
Осы күзде Энрике Иглесиас Қазақстанда алғаш рет жеке концерттерімен өнер көрсетеді. Концерттер 3 қыркүйекте Астанада және 5 қыркүйекте Алматыда өтеді. Көрермендерді бүкіл әлем бойынша ондаған мың жанкүйерлерді жинайтын жанды дауыстағы ауқымды қойылым және толыққанды әлемдік шоу күтеді. Қазақстандық сахналарда әртістің басты хиттері орындалады, олардың арасында Bailando, Hero, Escape, Tonight, Súbeme la Radio және басқалары бар.
Билеттер қазірдің өзінде Freedom SuperApp және Ticketon.kz қолжетімді.