Египеттік блогердің видеосынан кейін екі полицей қызметтен шығарылды

Египеттік блогердің видеосынан кейін екі полицей қызметтен шығарылды
Фото: видеодан кадр

Астанада египеттік блогер түсірген видеоға байланысты екі полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды, деп хабарлайды ult.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік тексеру жүргізіліп, тәртіп сақшыларының қызметтік әдеп нормалары мен полиция қызметкерлеріне қойылатын мінез-құлық талаптарын бұзғаны анықталған.

Департамент өкілдері полиция қызметкері қызметтік міндетін атқарып жүргенде және нысанды киімде мұндай әрекеттерге жол бермеуі керектігін атап өтті.

«Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген әдеп нормаларын ұстануы тиіс», – деп хабарлады ведомство.

Қызметтік тексерудің қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан шығарылған.