Тележүргізуші Динара Сәтжанның бағдарламасына продюсер Баян Алагөзова мен оның жұбайы Тұрсын Алагөзов қонақ болды. Алайда эфир барысында қойылған бір сұрақ әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Сұхбат кезінде Динара Сәтжан Тұрсын Алагөзовтен:
«Әйеліңіздің кинодағы сүйіскен кадрларына қалай қарайсыз? Бұл бірден түсірілген кадрлар емес, бірнеше рет қайталанған. Қызғанбайсыз ба?» - деп сұрады.
Бұл сұраққа алдымен Баян Алагөзова жауап беріп, кино түсіріліміндегі мұндай көріністердің қалай өтетінін түсіндірді.
«Сүйісу екі дубль ғана түсіріледі. Мен бірінші дубльден-ақ алып шығамын. Жалпы саны төрт-бес рет сүйісу болған», - деді продюсер.
Ал Тұрсын Алагөзов бұл сауалға әзілмен жауап қатып, студиядағылардың күлкісін тудырды.
Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі сұхбаттағы дәл осы сұрақты орынсыз деп бағалап, журналистік этика мәселесін көтерді.
Пікірлер арасында:
«Бұндай достан Құдай сақтасын»,
«Көре алмай отыр ғой»,
«Журналистік этика қайда?»,
«Көре алмайтыны көрініп тұр»,
деген жазбалар көптеп жарияланды.
Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары мұндай сұрақтың ашық сұхбат форматына сай екенін айтып, тележүргізушіні қолдаған пікірлерін де білдірді.