«Денесі көгеріп, қолы сынған»: Егіздің анасы көз жұмды

«Денесі көгеріп, қолы сынған»: Егіздің анасы көз жұмды
Фото: freepik

Журналист Гүлмира Әбіқай егіздің анасы көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Журналистке марқұмның туыстары хабарласып, көмек сұраған. Әйел өзі-өзіне қол жұмсап көз жұмған көрінеді. Бірақ туыстары оған сенбейді. 

«Менің аттасым екен, есімі Гульмира. Жас 29-да. Күйеуге тигеніне 3 жыл. 2 жасар егіз ұл мен қыздың анасы. Соңғы күнге дейін әпкелеріне күйеуінің ұратынын айтпай жасырып жүрген. Кеше (26.07.26) таңғы 09:45 үш бауырының басын қосып, ватсап топ ашып, видеоға шығады. Мойнын, қолын орап алған дейді маған хабарласқан туған әпкесі. Күйеуі үнемі ұрып-соғатынын сол кезде айтып, жылап, егіздерін табыстап, өмірмен қоштасып кете берген», - деп жазды журналист. 

Туыстары марқұмның денесін көргенде өз көздеріне сенбеген. Әйелдің денесі көгеріп, қолы сынған екен. Енді туыстары істің жылы жабылып кетуінен қорқады.