Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты
Фото: әлеуметтік желі

Англияда жүрген Дастаннан жағымды хабар жетті, деп хабарлайды ult.kz.

Дастан Сәтпаев  "Челсидің" негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты. Футболшы Аустралияның "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы жолдастық кездесудің 6 минутында гол соқты. 

Ресми түрде ол клубқа 12 тамызда, 18 жасқа толған күні қосылады.

Шабуылшы позициясында өнер көрсететін Дастан жас ерекшелігіне қарамастан өзінің жылдамдығымен, техникалық шеберлігімен және гол соғу қабілетімен көзге түсті. Ол алдымен «Қайрат-Жастар» командасында ойнап, кейін негізгі құрамға шақырту алды. Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы маусымдарының өзінде-ақ жанкүйерлер мен мамандардың жоғары бағасына ие болды.

Сәтпаев Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларында сәтті өнер көрсетіп, кейін ұлттық құрама сапына шақырылды. Оның халықаралық деңгейдегі сенімді ойыны еуропалық клубтардың назарын аударды.

2025 жылы Англияның әйгілі «Челси» клубы Дастан Сәтпаевпен келісімге келгенін ресми түрде жариялады. FIFA талаптарына сәйкес халықаралық трансфер кәмелет жасына толғаннан кейін рәсімделіп, 2026 жылдың жазында қазақстандық шабуылшы лондондық клубтың қатарына қосылды. Бұл трансфер қазақстандық футбол тарихындағы ең маңызды келісімдердің бірі ретінде бағаланды.