Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Дариға Бадықованың Тараздағы сән-салтанатты қарсы алуы сынға ұшырады

Дариға Бадықованың Тараздағы сән-салтанатты қарсы алуы сынға ұшырады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Таразда “Соңыра” фильмінің актерлері Дариға Бадықова мен Олжас Абайды өрт сөндірушілердің қарсы алуы желіде талқыға түсті. Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті шараға арнайы техниканың не үшін әкелінгенін түсіндірді, деп хабарлайды ult.kz.

Актерлер Таразға фильмнің премьерасына келген. Әлеуметтік желіде тараған видеода Дариға Бадықованың арнайы киім киген құтқарушылармен қол алысып амандасқаны көрінеді. Олардың артында өрт сөндіру машинасы мен бірнеше қызметтік көлік тұрған.

Желі қолданушылары актерлерді қарсы алуға құтқарушылардың қатысуын сынға алды. Кейбірі қызметтік көліктерді осындай шараға пайдалануға бола ма деп сұрады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 20 қарашада Тараздағы MART сауда орталығында фильмнің шығармашылық тобымен кездесу және арнайы техника көрмесі жоспарланған. Департамент Threads желісінде кездесудің мақсаты көрерменді құтқарушылардың жұмысымен таныстыру және мамандықтың беделін арттыру болғанын түсіндірді.

Ведомствоның айтуынша, қызметкерлер шараға өз еркімен қатысқан, ал арнайы көліктер мен жабдықтар көрмеге қойылған. Кезекші ауысымдар сол уақытта қызметін жалғастырып, шақыртуға шығуға дайын болған.

Өрт сөндірушілердің өмірі мен қызметі туралы “Соңыра” фильмінің премьерасы 18 қарашада Астанада өтті. Тұсаукесерге қатысқан Төтенше жағдайлар министрі Дариға Бадықова мен Олжас Абайға алғыс хат табыстады. Фильм 19 қарашадан бері ел кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, Мақсат Базарбай 50 жас мерейтойын атап өтті. 

Дариға Бадықова кім?

Дариға Бадықова — қазақстандық театр және кино актрисасы, кинопродюсер. Ол көрерменге “Келінжан” телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы кеңінен танылды. 1985 жылы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған.

Бадықова “Таптым-ау сені” фильмдерінде актриса әрі продюсер ретінде еңбек етті.

Сондай-ақ “Ыстық ұя” және өрт сөндірушілердің өмірі мен қызметіне арналған “Соңыра” фильмдерінде рөл сомдады.