Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мақтады ма, сынады ма? Дархан Мұсабаев Бадықованың фильміне баға берді

Мақтады ма, сынады ма? Дархан Мұсабаев Бадықованың фильміне баға берді
Фото-коллаж: ult.kz/ ЖИ-мен өңделген

Актер Дархан Мұсабаев бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың "Соңыра" фильмін көріп, картинаның артықшылығы мен кемшілігін атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі фильмнің құтқарушылардың қоғамдағы беделін арттыруға септігін тигізгенін айтты. Әсіресе олардың адам өмірін арашалау жолындағы жанқиярлық еңбегі мен қызметтен тыс тіршілігінің шынайы бейнеленгенін жоғары бағалады.

""Соңыра" фильмін көріп шықтым. ТЖМ, өрт сөндіру, жалпы барлық құтқарушылардың мәртебесі көтеріліп қалды деп ойлаймын. Ол кісілер басқаның денсаулығы үшін, өмірі үшін өз өмірін қатерге тігетінін керемет жеткізген. Олар да жеке өмірі бар екенін жақсы жеткізген", – деді ол.

Дегенмен Мұсабаев туындының кемшін тұстарын да жасырмады. Оның пікірінше, фильмдегі оқиға желісі тым ұзаққа созылып, тартымдылығын жоғалтқан. Ал актерлердің таңдалуына көңілі толған.

"Бір қысқа, жұмыр дүниені созып жіберген сияқты. Динамика жоқ. Актерский состав өте мықты", – деді Мұсабаев.

Осылайша актер бұрынғы жұбайының жаңа туындысындағы сәтті тұстарды атап өтіп, фильмнің оқиға өрбіту тәсіліне қатысты сыни пікірін білдірді.