Дариға Бадықованың экс-күйеуі әншілікке қатысты ойын айтты

Дариға Бадықованың экс-күйеуі әншілікке қатысты ойын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Продюсер Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев өнер саласына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Ол әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берген.

Желі қолданушыларының бірі Дархан Мұсаевтан «Әншілікке бет бұру ойыңызда бар ма?» деп сұраған.

«Негізі ойым бар. Бірақ уақыт керек екен. Бос уақытыңда не істейсің десе кітап оқып, ән айтам дейді. Кітап оқуға, ән айтуға да уақыт керек екен. Арнайы уақыт таба алмай жүрмін», - дейді актер. 

Айта кетейік, қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова жеке өмірі мен өмірлік ұстанымдарын кеңінен баяндайтын деректі фильм түсіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Дариға Бадықова кім? 
 

Дариға Бадықова – қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер. Ол Қазақ ұлттық өнер академиясында музыкалық драма және режиссура мамандығы бойынша білім алған.

Актриса көрерменге «Келінжан» телехикаясындағы Айсара және «Қазақша бизнес» фильмдер сериясындағы Мақпал рөлдері арқылы кеңінен танылған. Сонымен қатар ол кино саласында продюсерлік және режиссерлік жұмыстармен айналысады.

2023 жылы Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» фильмін түсіріп, картинада өзі де басты рөлдердің бірін сомдаған.

2025 жылы оның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың сұхбаты әлеуметтік желіде талқыланып, Бадықова оған қатысты өз пікірін жариялаған.

Қазіргі таңда Дариға Бадықова актерлік өнермен қатар кино өндірісі мен шығармашылық жобаларға да қатысып жүр.