Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексиканың Монтеррей қаласында өз бейнесі салынған муралды көріп, жергілікті жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Монтеррей тұрғындарының ерекше ықыласына тәнті болғанын жазды.
«Осы әсем қаланың көшелерінің бірінде менің бейнем салынған муралды көру – ешқашан ұмытылмайтын сыйлық. Осындай ерекше ықылас пен ыстық сезімдеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын!» – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Димаш мексикалық жанкүйерлеріне арнап өзі және талантты достары ерекше музыкалық сыйлық дайындағанын жеткізді.
Бұған дейін Димаш Құдайбергенге Мексикада ерекше сый жасалғанын жазғанбыз.