Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын жариялады. Өнер иесі сүйіктісімен заңды некеге тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Актер бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Ол өмірінде жаңа кезең басталғанын айтып, отбасын құрғанын жеткізді.
"Бүгін сіздермен екінші жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Әрине, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін мен, бүгін біз некеге отырдық. Ал, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады", – деді Дархан Мұсаев.
Өнер иесінің бұл мәлімдемесі желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандар актерді жаңа өмірімен құттықтап, жас отбасына бақыт пен береке тіледі.
Айта кетейік, Дархан Мұсаев бұған дейін де жеке өміріндегі өзгерістер туралы айтып, көпшілікке жаңа сүйіктісін таныстырған. Енді актер екеуінің қарым-қатынасы ресми некеге ұласқанын хабарлады.
"16 жыл бірге тұрдық": Дархан Мұсаев ажырасуы туралы не айтқан?
Еске салайық, Дархан Мұсаев бұған дейін танымал актриса Дариға Бадықовамен 16 жыл отбасылы болған. Олардың ажырасуы 2025 жылдың қазан айында көпшіліктің қызу талқысына түсті. Сол кезде актер журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына қатысып, бұрынғы некесі туралы ашық әңгімелеген. Сұхбат барысында ол отбасылық өмірде жіберген қателіктерін еске алып, кейбір шешімдеріне өкінетінін жасырмады. Әсіресе бұрынғы жұбайының көңіліне қарап, туған-туыстарымен араласуы сирегенін айтқан.
"Өмірдің өзі өкініштен тұрады. Өкінемін. Қатты өкінемін", – деді актер сұхбатында.
Алайда Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің мәлімдемелерімен келіспей, әлеуметтік желіде өз ұстанымын білдірді. Актриса некелері кезінде бақытты өмір сүрмегенін айтып, ажырасуға бірнеше жағдай себеп болғанын жеткізді. Кейін ол аталған сұхбатқа байланысты сотқа жүгінді, алайда 2026 жылғы ақпанда сот оның талаптарын қанағаттандырмады.
Ал Дархан Мұсаев 2026 жылғы қазанда "Не дейді?" бағдарламасына берген сұхбатында ажырасудан кейінгі сын-пікірлер мен өткен өміріндегі көңілінде қалған жағдайлар туралы тағы да әңгімеледі.