Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі сүйіктісін көрсетті

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі сүйіктісін көрсетті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы сұхбатқа қатысты пікір білдірді. Ол ешкімді кінәламайтынын айтып, әр адамның өз пікірі бар екенін жеткізд, деп хабарлайды ult.kz.

Мұсаев жазбасын өзін түсініп, қолдау көрсететін адамның жанында болуы қаншалықты маңызды екенін айтудан бастаған.

“Сені қандай жағдай болса да түсінетін, әрдайым демеу болатын бір адамның бар екені қандай жақсы…” – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол сұхбаттан кейін айтылған пікірлерге тоқталып, өзгелердің көзқарасына түсіністікпен қарайтынын білдірді.

“Соңғы сұхбатқа байланысты, қалған адамдар не десе де, өз еркі. Мен ешкімді кінәламаймын. Әркімнің өз шындығы, өз пікірі бар. Әр адамның қателесуге де құқығы бар. Аман болайық!” – деді Дархан Мұсаев.

Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай көпшіліктің назарын аударды.

Дариға Бадықова кім? 


Дариға Бадықова - қазақстандық театр және кино актрисасы, продюсер. Толық аты-жөні — Дариға Болатқызы Бадықова. Ол 1985 жылы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Өнер жолында Болат Атабаевтың «Ақсарай» музыкалық театрында еңбек еткен.

Көпшілікке «Қазақша бизнес» фильмдеріндегі Мақпал рөлі арқылы кеңінен танылды. Комедиялық рөлдерімен көрермен ықыласына бөленді. Театр сахнасымен қатар, отандық кино жобаларына түсті. Кейін кино өндірісіне араласып, продюсер ретінде де таныла бастады. 2023 жылы жарық көрген «Таптым-ау сені» романтикалық комедиясында актриса әрі продюсер болды. Бұл фильм отандық прокатта жоғары табыс жинаған туындылардың қатарына енді.