Дариға Бадықова мен Олжас Абай көпшіліктің назарын аударды

Дариға Бадықова мен Олжас Абай көпшіліктің назарын аударды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа суреттерін жариялап, оқырмандарының жылы лебізіне бөленді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі фотолардың астына “Өмірден көп нәрсе сұраймын” деп жазған.

Желі қолданушылары актрисаның ажары ашылып, құлпырып жүргенін айтып, пікір қалдырды. Олардың арасында Дариға мен Олжасты жарасымды жұпқа балап, бақыт тілегендер де бар.

“Дариға Олжастың қасында құлпырып кетеді”, “Жайнап кетіпті”, “Жарасымды жұп, бақытты болыңдар”, “Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу”, – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Олжас Абай мен Дариға Бадықова желі қолданушыларына өтініш айтты.

Дариға Бадықова кім? 

Дариға Бадықова - қазақстандық актриса әрі продюсер. Ол 1985 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген.

Көпшілікке «Келінжан» телехикаясындағы Айсара және «Қазақша бизнес» фильмдеріндегі Мақпал рөлдері арқылы танылды. Кейіпкерлерін күнделікті өмірдегі адамдардың мінез-құлқынан іздейтінін сұхбаттарында айтқан.

Актрисалықпен қатар кино өндірісіне де араласады. «Таптым-ау сені» фильмінің продюсері болып, басты рөлдердің бірін сомдады.