Freedom Inside '26

Бір отбасы мінген көлік өзенге құлап, екі бала ағып кетті (ВИДЕО)

Бір отбасы мінген көлік өзенге құлап, екі бала ағып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Қырғызстанда өзенге құлаған көлік ішінде болған 6 жастағы бала әлі табылмады, деп хабарлайды ult.kz.

Қырғызстанның Кегеті шатқалында болған қайғылы жол апатынан кейін жоғалған алты жасар баланы іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Іздеу-құтқару операциясына қазақстандық мамандар да қосылған.

Оқиға 23 маусым күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі баласы бар отбасы отырған жеңіл көліктің қозғалыс кезінде тежегіші істен шығып, автокөлік жардан құлап, өзенге түсіп кеткен.

Ата-анасы көліктен өз күштерімен шығып үлгергенімен, балаларды өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Кейін құтқарушылар 12 жастағы қыздың мәйітін тауып, туыстарына тапсырды.

Ал алты жасар ұл баланы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Құтқарушылар өзен бойын жіті тексеріп, іздеу операциясына қосымша күштер мен техниканы жұмылдырған.