Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйдің балконы құлау қаупін тудырды. Оқиға 16 қарашада Әлихан Бөкейхан ауданындағы Бирюзов көшесі, 9-үйде болған, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, бесінші қабаттағы пәтер балконының металл және темірбетон конструкциялары зақымданып, салбырап қалған. Соның салдарынан құлау қаупі туындаған.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, автосаты мен автокранның көмегімен қауіптің алдын алды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.