Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жауын-шашын күтіледі: 17 қарашаға және алдағы күндерге ауа райы болжамы

Жауын-шашын күтіледі: 17 қарашаға және алдағы күндерге ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Синоптиктердің болжамынша, 17 қарашада Қазақстанның батысында және оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз +2...+4°C.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз +5...+7°C.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +14...+16°C.

Қазгидрометтің болжамынша, 17 - 19 қараша аралығында кең ауқымды жоғары қысым аймағы еліміздің шығысына қарай жылжиды. Оның әсерінен Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Алайда антициклонның орнын солтүстік циклонның терең жырасы басып, алдағы күндері ауа райы жағдайын нашарлатады. Алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады. Көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнгі уақытта еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болады. Қазақстанның орталығында, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің таулы аудандарында ауа температурасы −13…−18°С-қа дейін төмендейді.

Күндіз ауа температурасы еліміздің батысы мен шығысында +5…+10°С-қа дейін, оңтүстік-батысында +10…+15°С-қа дейін, оңтүстігінде +10…+20°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +10…+18°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы −1…+4°С шамасында болады.