Банктерде 75 трлн теңге бар: Тоқаев қаржы ресурстарын экономикаға бағыттауды тапсырды

Банктерде 75 трлн теңге бар: Тоқаев қаржы ресурстарын экономикаға бағыттауды тапсырды
ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қаржы жүйесі орнықты екенін айтып, ендігі міндет – жинақталған қаражатты экономиканың нақты секторын дамытуға жұмылдыру екенін атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Мемлекет басшысының мәліметінше, еліміздегі банктердің активі 75 триллион теңгеден асқан. Ал депозит көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 52 триллион теңгені құрады. Салымдардың 78 пайызы ұлттық валютада сақталған. Президент мұны теңгеге деген сенімнің артуын көрсететін белгі ретінде атады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы нарығын реттеуші органдардың жұмысын тиімді жүргізу қажеттігін еске салды. Оның айтуынша, Ұлттық банк баға мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етумен шектелмей, экономиканың дамуына серпін беретін бастамаларды жүзеге асыруға да атсалысуы керек.