Қала дамымай, өңір өркендемейді: Тоқаев жаңа міндет қойды

Қала дамымай, өңір өркендемейді: Тоқаев жаңа міндет қойды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір ірі қаланың орта және ұзақ мерзімді даму жоспары болуы керегін мәлімдеді. Мемлекет басшысы Үкіметке қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеуді де тапсырды, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстан халқына Жолдауында Президент ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі әрдайым назарда екенін атап өтті. Дегенмен, оның айтуынша, қазіргі кезде экономика, білім мен технологияның дамуына серпін беретін, таланттарды шыңдайтын негізгі орталықтар – ірі қалалар.

«Қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әрбір ірі қаланың дамуы жүйелі жоспарға сүйенуге тиіс екенін айтты. Осыған байланысты Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеуі қажет.

Президент қалалардың қауіпсіз, жайлы әрі көрікті болуын басым міндеттердің бірі ретінде белгіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының талаптарына сай жүргізілуге тиіс.

Тоқаевтың пікірінше, қалалардың қарқынды дамуы тұтас өңірдің экономикасына оң әсер етіп, халықтың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.