Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Конституцияның 46-бабына сәйкес, Мемлекет басшысы елдегі жағдай мен Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы халыққа Жолдау арнайды.
Маңызды саяси іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбек адамдары қатысып жатыр.
Жолдауды республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады. Трансляция Jibek Joly телеарнасының эфирі мен YouTube арнасында, сондай-ақ Kazinform ақпарат агенттігінің сайтында көрсетіліп жатыр. Жолдаудың толық мәтіні агенттіктің Telegram-арнасында да жарияланады.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде қазан айында халыққа Жолдау жасап, елдің алдағы даму жоспарларын айқындайтынын айтқан еді.
Былтыр Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялаған болатын.