Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді.
Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасты.
Осыған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауын жариялады.