Мәжілістің бұрынғы депутаты Ринат Зайытов Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Ол бұл қызметке қазан айының басында Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовтің ұсынысымен келгенін Adal ADAM YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Зайытовтың сөзінше, орталық әскери ансамбль мен оркестрдің жұмысын ұйымдастырып, патриоттық және мәдени іс-шараларды өткізумен айналысады.
Ринат Зайытов еңбек жолын «Дариға-ай» жастар театрында актер болып бастаған. Кейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде жұмыс істеп, Алатау дәстүрлі өнер театрының директоры қызметін атқарған.
2023–2026 жылдары VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды. Парламентте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болған.