Атырау облысында болған қайғылы оқиғадан кейін көпшіліктің қолдауына ие болған Ақбаян Мұқанғалиеваның жақыны әлеуметтік желіде жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Ол Ақбаянның көз жасын алғаш рет көргенін айтып, оған деген ыстық ықыласын білдірді, деп хабарлайды ult.kz.
Жазба авторының айтуынша, соңғы екі айда ол Ақбаянға жақын болып, қиын сәттерінде жанынан табылуға тырысқан. Осы уақыт ішінде екеуінің арасында ерекше бауырмалдық пен сенім қалыптасқан.
"Ақбаянның жанына жалау еткен, арқа сүйеп, кейде еркелеп, көбіне қырсығатын адамына айналғаныма екі ай болыпты. Қасымда жүргелі жылауын бірінші рет көріп отырмын. Көздеріңнен тек қуаныштың жасы ақсын, аппақ бауырым", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Ақбаян Мұқанғалиева ем алу үшін Алматыға келді.
Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы қандай?
Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиеваның ем қабылдау үшін Алматы қаласына келгені хабарланған болатын. Жақындары оны білікті мамандарға көрсетіп, денсаулығын қалпына келтіруге көмектесуді жоспарлаған.
Ақбаян бұған дейін де басынан өткен ауыр оқиғадан кейін психологиялық қолдауға мұқтаж екенін айтқан. Оның жақындары емін жалғастыруына және қалыпты өмірге оралуына барынша жағдай жасауға тырысып жүр.