Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
istockphoto.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеті МҚҰ-ны микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ult.kz.

2026 жылғы 23 қазандағы бұйрықтар негізінде төмендегі МҚҰ лицензиялардан айырылды:

«MaxMoney» МҚҰ» ЖШС» (23.10.2026ж. №67 бұйрық);

«Microfinance Systems» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №68 бұйрық);

«SurfKaz Finance» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №69 бұйрық);

«MFO№1» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №70 бұйрық);

«Умит Финанс» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №71 бұйрық);

«Вивус» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №15 бұйрық);

«EL QAZYNA» МҚҰ» ЖШС (23.10.2026ж. №16 бұйрық).

Агенттіктің мәлімдеуінше, микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қызметін бақылауды жалғастырып, азаматтардың құқықтарын жүйелі түрде бұзатын ұйымдарға қатысты қадағалау шаралары қолданылады. Лицензиясынан айырылған МҚҰ микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес және 30 күн ішінде атауын өзгертуге, қайта ұйымдастыруға немесе таратуға қатысты шешім қабылдауға міндетті. Ал мұндай ұйымдармен жасалған микрокредит шарттары бойынша орындалмаған міндеттемелері бар клиенттер шарт талаптарына сәйкес жауапты болады.