Қазақстандағы BAIC X35: қалалық кроссовердің жабдықталуы, мүмкіндіктері мен бағасы

Қазақстандағы BAIC X35: қалалық кроссовердің жабдықталуы, мүмкіндіктері мен бағасы
Allur

Қала ішіндегі күнделікті сапарлар, жұмыс кездесулері, отбасылық шаруалар мен қала сыртына шығу — заманауи автомобиль өмірдің түрлі жағдайына бейім болуы керек. BAIC X35 ықшам өлшемдерін, турбокомпрессорлы қозғалтқышын, жайлылық технологиялары мен практикалық жабдықтарын үйлестіреді.

Қазақстанда кроссовер екі жинақтамада ұсынылған. Бағасы 7 490 000 теңгеден басталады.

Қаладағы күнделікті міндеттерге арналған шешімдер

BAIC X35 көлігінің конструкциялық ерекшеліктері маневр жасауға, көлікке ыңғайлы отыруға және күнделікті пайдалануға қолайлылыққа бағытталған.

- Өлшемдері мен маневр жасау мүмкіндігі: BAIC X35 көлігінің ықшам өлшемдері қала көшелерінде маневр жасауға және тар кеңістікте тұраққа қоюға мүмкіндік береді. Автомобиль ThyssenKrupp компаниясының қатысуымен әзірленген EPS электрлік руль күшейткішімен жабдықталған. Ол маневр жасау кезінде рульді бұруға қажетті күшті азайтады. Ал 180 мм клиренс жол жабынындағы ой-шұңқырлардан, жолға кіретін және шығатын тұстардан, сондай-ақ биіктіктің шағын айырмашылықтарынан өту кезінде қосымша мүмкіндік береді.

- Салон мен эргономика: Орындықтар ұзақ сапар кезінде шаршауды азайтуға көмектесетін бүйірлік тірекке басымдық бере отырып жасалған. Luxury жинақтамасының ерекшеліктерінің бірі — ауданы 0,95 м² панорамалық шатыр. Ол салонға табиғи жарық түсіріп, кеңістік сезімін арттырады және барлық жолаушы үшін сапарды жайлы етеді.

- Акустикалық жайлылық: Автомобиль салонындағы дыбыс деңгейіне де ерекше назар аударылған. Мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес, қозғалтқыш бос жүріс режимінде жұмыс істеп тұрған кезде салондағы шу деңгейі 38 дБ құрайды. Бұл көрсеткіш бизнес-класс автомобильдерімен салыстыруға келеді. Мұндай ерекшелік әсіресе қалалық кептелістер кезінде маңызды, өйткені жүргізуші мен жолаушылар автомобиль ішінде едәуір уақыт өткізеді.

Фото: Allur

Техникалық жабдықталуы мен қауіпсіздігі

Автомобиль қуаты 150 ат күшіне тең 1.5 Turbo турбокомпрессорлы қозғалтқышпен және Бельгияда шығарылған Punch Powertrain компаниясының сатылы берілістері жоқ CVT вариаторымен жабдықталған. Аэродинамикалық кедергі коэффициенті 0,37 болатын сүйір пішінді шанақ отын шығынын азайтуға ықпал етеді.

Фото: Allur

Кроссовердің шанағы жоғары берік болаттан жасалған. Жүргізушіге көмектесу үшін автомобиль негізгі жүйелермен жабдықталған: электрондық тұрақтылық жүйесі (ESP), артқы тұрақ датчиктері және артқы көрініс камерасы.

Жинақтамалары мен бағасы

Қазақстан нарығында BAIC X35 екі жинақтамада ұсынылады. Бұл сатып алушыларға жабдықталу деңгейін жеке қажеттіліктері мен бюджетіне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

- Fashion Plus — 7 490 000 теңгеден бастап.

Жинақтамаға жарықдиодты фаралар мен күндізгі жүріс шамдары, 16 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер, 8 дюймдік экраны бар мультимедиялық жүйе, артқы көрініс камерасы мен артқы тұрақ датчиктері, қолмен реттелетін кондиционер, алдыңғы орындықтарды жылыту жүйесі, сондай-ақ негізгі қауіпсіздік жүйелері кіреді. Бұл нұсқа күнделікті сапарларға арналған заманауи әрі практикалық автомобиль іздейтіндерге қолайлы.

- Luxury — 7 990 000 теңгеден бастап.

Бұл нұсқада жабдықталу деңгейі кеңейтілген: кроссовер екі түсті 17 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілермен, панорамалық шатырмен және былғарымен қапталған рульмен жабдықталған. Динамиктер саны алтыға дейін көбейтілген. Бұл жинақтама жайлылық деңгейінің жоғары болғанын және қала ішінде көлік жүргізгенде қосымша қолайлылықты қалайтын сатып алушыларға арналған.

Бір автомобиль — өмірдің түрлі жағдайына арналған шешім

BAIC X35 күнделікті пайдалануға қажетті қасиеттерді үйлестіреді: қала ішінде жүруге қолайлы ықшам өлшемдер, сезімтал рульдік басқару, салонның ойластырылған эргономикасы және жол жабынындағы кедергілерден сенімдірек өтуге мүмкіндік беретін клиренс.

Жұмысын, отбасылық шаруаларын және белсенді демалысын қатар алып жүретіндер үшін X35 қаладағы қолайлылық пен қала сыртына шығу мүмкіндіктерінің бірін таңдауды қажет етпейтін әмбебап шешім бола алады.

BAIC X35 көлігімен танысу, қолданыстағы жинақтамалар мен сатып алу шарттарын нақтылау, сондай-ақ тест-драйвқа жазылу үшін BAIC Kazakhstan ресми дилерлік орталықтарына немесе baic.com.kz сайтына жүгінуге болады.