Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің авторлық тосабын шығарып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында айтып, жаңа өнімнің «Bayan Sulu Garden» деп аталатынын жеткізді.
Баян Мақсатқызының сөзінше, тосап ерекше әрі қайталанбас рецепт бойынша дайындалады. Ол өнімнің бағасы да арзан болмайтынын жасырмады.
«Біз қазір ерекше, қайталанбас рецептпен тосап шығарып жатырмыз. Бағасы қатты қымбат тұрады. Бұл тосапты жесең, бірінші қасықтан жазылып кетесіз және оқытылған. Маған жазыңыздар, тек сатамын», - деді продюсер.
Сондай-ақ ол алғашқы өнімдерін өз стилистеріне сыйлайтынын айтып, тосаптың шығуын атап өткен.
Продюсердің «оқытылған тосап» және оның «бірінші қасықтан жазылып кететіні» туралы сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Оның бұл сөзді әзіл ретінде айтқаны немесе өнімнің ерекшелігін осылай сипаттағаны видеодағы контекстен байқалады.