Атырауда әйел күйеуінің қолынан көз жұмды

Атырауда әйел күйеуінің қолынан көз жұмды
Фото: Видеодан кадр

Атырауда полиция қызметкерлері әйелді өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады. Бұған дейін марқұмның туыстары қайғылы оқиға туралы айтып, қылмыс тұрмыстық жанжал кезінде болғанын мәлімдеген еді, деп хабарлайды ult.kz.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті марқұммен азаматтық некеде тұрған.

«Тұрмыстық жанжал барысында әйелді өлтірді деген күдікпен марқұммен азаматтық некеде тұрған 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Марқұмның туыстарының айтуынша, әйел пышақтан алған көптеген жарақат салдарынан көз жұмған. Сондай-ақ олардың сөзінше, қайғылы оқиға үш жасар қызының көз алдында болған, ал келесі күні үйге оралған 16 жастағы қызы анасының мәйітін тапқан.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.