Freedom Inside '26

«Атырау» клубының 100 пайыз үлесі жеке компанияға берілді

«Атырау» клубының 100 пайыз үлесі жеке компанияға берілді
egemen.kz

«Атырау» футбол клубы толықтай жекеменшік басқаруға өтті. Енді клубтың 100 пайыз үлесі «Caspian Football Group» ЖШС-нің иелігінде, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы хабарлады. Өзгеріс Мемлекет басшысының кәсіби спортты дамыту және футбол клубтарын жекеменшік секторға беру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан.

Клубтың жаңа иесі – кәсіпкер Болат Қонарбай. Жаңа басшылық өңірлік футболды дамытуға бағытталған бірқатар жобаны қолға алуды жоспарлап отыр.

Олардың қатарында балалар футбол академиясын ашу, жасөспірімдер футболын дамыту, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту және Атырау футболының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бар. Бұл міндеттер клубты жекешелендіру кезінде әкімдік тарапынан қойылған талаптардың бірі болған.

Сондай-ақ жаңа инвестор клубқа қосымша қаржы тартып, материалдық-техникалық базаны нығайтуды және кәсіби футболды жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр.

Айта кетейік, биыл сәуір айында «Атырау» футбол клубы 77 миллион теңгеге сатылған болатын.