29 шілде күні таңертең Астанадағы Президенттік саябақ аумағында бойжеткенге ер адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды ult.kz.
Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, күдікті оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттенген. Алайда бойжеткен қатты айқайлап, қарсылық көрсеткендіктен, шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен.
Қыз қашып бара жатқан күдіктіні ұялы телефонына видеоға түсіріп үлгерген. Соның арқасында полиция қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні жедел түрде ұстады.
Дегенмен, қыздың зорлауға әрекет жасалғаны туралы мәлімдемесіне қарамастан, әзірге күдіктіге қатысты тек «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік материал рәсімделген. Іс соттың қарауына жолданды.