Астанада әйел пышақ жарақатынан қаза тапты. Полиция қылмысқа оның бұрынғы күйеуін күдікті ретінде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған, деп хабарлайды ult.kz.
Полицияға оқиға туралы хабар 22 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында түскен. Оқиға орнына барған қызметкерлер әйелдің пышақ жарақатын алғанын анықтаған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Полиция күдіктінің полиция қызметкері болғаны туралы тараған ақпаратты да жоққа шығарды.
«Күдіктінің полиция қызметкері екені туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаменті.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.