Freedom Inside '26

Ақтөбе облысында оқушы тұрмыстық қалдықтардан қазақ қызының бейнесін жасады

Ақтөбе облысында оқушы тұрмыстық қалдықтардан қазақ қызының бейнесін жасады
видеодан скриншот

Ақтөбе облысының Темір ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ерекше шығармашылық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Темір аудандық Көркемсурет мектебінің 6-сынып оқушысы Қуаныш Жансая Нұрланқызы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу арқылы ұлттық нақыштағы қазақ қызының бейнесін жасап шықты.

Жас өнерпаздың айтуынша, туындыны әзірлеуге шамамен бір жарым ай уақыт кеткен. Шығармашылық жұмыс барысында әртүрлі тұрмыстық қалдықтар қолданылып, олардан қазақ халқының ұлттық болмысын бейнелейтін көркем композиция құрастырылған.

Жоба қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің маңызын насихаттауға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Мамандардың пікірінше, мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар жоба экология мен өнерді ұштастыра отырып, тұрмыстық қалдықтарға жаңа көзқарас қалыптастырудың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.